04 Шілде 2011
30.06.2011ж. Балқаштың ОКЖ-де жаңадан қабылданған кітапханашыларға арналған тренинг - жаттықтыру сабағы өтті.«Құжаттар қорының мүлтіксіз сақталуы» тақырыбына арналған оқуды бірыңғай кітап қорын пайдалану секторы өткізді. Кітапханашылар қордың мүлтіксіз сақталуының технологиялық процесстерінде қалыптасуы мен пайдалануы, сақтау мерзімінің нормативтік негіздерімен танысып, қордың экологиялық және санитарлық қорғаныстары туралы білді.
Қорды тексеру және жағдайын бақылауға ерекше көңіл бөлінді. Қордың мүлтіксіз сақталуы – бұл тек кәсіптік, технологиялық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік мәселе екендігіне тоқталды. «Мүлтіксіз сақтау: адамның факторы» тақырыбы оқудың негізі болды.
Оқудың қорытынды бөлімі: алынған ақпаратты түйіндеу үшін қатысушыларға ойын түрдегі сұрақтар қойылды. Жұмысқа жаңадан қабылданғандарға: ГОСТ 7.50-90, құжаттарды сақтауды өз бетінше оқу, жалпы талаптар арнайы үй тапсырмасы ретінде берілді.