30 Маусым 2011
№5 мектеп жанындағы лагерь балалары үшін осы тақырыпта А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасында экскурсия өтті. Бүлдіршіндер кітапханамен танысып қана қоймай, ертегілер кейіпкерлерін қаншалықты жақсы білетіндерін көрсетіп, кітапханашы қойған сұрақтарға жауап берді.
Соңында кішкентай оқырмандарбалаларға арналған жаңа, түрлі-түсті кітаптар және журналдармен танысты. Тілек кітапшасына шынайы пікілерін қалдырды. Әр балаға кітапхананы пайдалану ережесі жазылған кітап белгісі берілді. Мереке өте тартымды және қызықты өтті. Кітапханашылар кішкентай бүлдіршіндерге жаздық демалысты қызықты өткізу үшін кітапханаға келіп қызықты кітаптар оқуға шақырды.