27 Маусым 2011
2011 жылдың 23 маусым күні балалардың жазғы демалысын қызықты өткізіп, рухани байлықтарын арттыру мақсатында № 3 кітапхана-филиалында « Ұлттық ойындар – тәрбие көзі» атты танымдық сағаты өтті.
Бұл іс-шараның мақсаты : оқушыларды қазақтың ұлттық ойынларымен таныстыру, халқымыздың мәдениетін, салт-дәстүрін сүйіп, қадірлеуге тәрбиелеу болды.
Балалар «Тақия тастамақ», «Айгөлек», «Көтермек», «Оқтау тартыс» сияқты ұлттық ойындар ойнап, уақыттарын көңілді өткізді. Іс-шараға ат салысқан жеткіншектер арнайы сыйлықтармен марапатталды.