02 Маусым 2011
Жайма-шуақ жаздың басы көңілдері шат, жүздері бал-бұл жанып, жүректері лүпілдей соққан бүлдіршіндердің төл мерекесі - Халықаралық балаларды қорғау күнінен басталды.
А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасында «Балалар қуануы керек: флешмоб» акциясы ұйымдастырылды.
Аталмыш кітапханада балалар сүйікті кітап кейіпкерлерімен кездесіп, арнайы безендірілген қызықты кітап көрмелері мен танымдық ойындарды тамашалады.
Шараның соңында қалалық балалар мекемелерінің қатысуымен бүлдіршіндердің сүйікті кітабының аты мен кітап кейіпкері жазылған 20 бума шар көкке ұшырылды.
Бұл санның таңдалуы себепсіз емес: 2011 жыл- Қазақстан Тәуелсіздігіне – 20 жыл.
Кітапхана қызметкерлері әр қатысушы баланы ескерусіз қалдырмады. Жазғы демалыстың басталуымен құттықтап, шарлар, тәттілер мен көтеріңкі көңіл- күй сыйлады.