27 Мамыр 2011
2011 жылдың мамыр айының 26-шы жұлдызында С. Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхананың автоматтандыру секторы «Кітапхананың ақпараттық қызметі: теория және заманауи тәжірибе» атты орталық кітапхана және филиалдары кітапханашыларының қатысуымен, олардың мамандықтарының біліктілігін арттыру мақсатында тренинг өткізді.
Тренингті өткізу кезінде қолданбалы ақпараттық-кітапханалық жұмысы туралы, офистік бағдарламаларды қолдану барысында инновациялық кітапханалық қызмет көрсету сұрақтары қаралды.
Сабақ бағдарламасында қатысушылар алған білімдерін тәжірибе жүзінде бекітті.
Соңында тренинг қатысушылары заманауи кітапхана қоғамдастығында үзіліссіз біліктілікті кәсіби межеге дейін арттырудың өзектілігін бағалады.