24 Мамыр 2011
2011 жылдың 20 мамырында Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жастар кітапханасында Қасым Аманжоловтың 100 жылдығына арналған «Күніне жүз ойланып, мың толғанам, Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп» атты, «Қ.Аманжоловтың өлең шығармасын оқу», «Қ.Аманжоловқа арналған авторлық өлеңді оқу» деп аталған 2 номинациядан тұратын облыстық көркемсөз шебері байқауы өтті.
Біздің ОКЖ үйлестіруші ретінде байқауға кітапхананың белсенді оқырманы, кітапханада өтетін көптеген мерекелік іс-шаралардың қатысушысы, Орталық Қазақстан технология және менеджмент институтының жанындағы колледж студенті Алихан Сымбатты қатыстырды.
«Қ.Аманжоловқа арналған авторлық өлеңді оқу» номинациясында құрамына Қарағанды театрының актерлері, Қарағанды облысының Мәдениет басқармасының қызметкерлері және де тілшілер кірген қатал қазылар алқасының алдында Сымбат Қ.Аманжоловтың «Балам ауырғанда» атты өлеңін оқып берді. Өзінің өлеңге берілуі мен сахналық шеберлігімен ол көркемсөз шебері байқауында облыс бойынша 50-ден астам қатысушылардың арасынан 2-ші орынды иеленіп, 2-ші дәрежелі Дипломмен марапатталып, ақшалай сый табыс етілді. Құттықтаймыз!!!