13 Мамыр 2011
С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада ұлы композиторлар, сазгерлер Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамиди мерейтойларына арналған «Саз әлемінің сардары» әдеби-сазды кеш өтті.
Кеште жас кездерінен музыкаға әуес болған композиторлардың өмірі мен шығармашылығы туралы деректер көпшіліктің назарына ұсынылды.Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамиди бірігіп жасаған шығармашылық еңбектің арқасында «Абай», «Төлеген Тоқтаров», «Құрманғазы» атты ұлы опералық шығармалар дүниеге келді. Кеште орындалған музыкалық шығармалар мен билер, атап айтатын болсақ: Орталық Қазақстан технология мен менеджмент институтының биші қыздары мың бұрала би билесе, әнші Ә.Қасенова операдан ариялар орындап, өнер мектебінің ән-күй пәнінің мұғалімі Б. Әлімжанова домбырада шебер ойнайтындығын көрсетті.
Кеш соңында қонақтарға қойылған кітап көрмесі, артына өлмес мұра қалдырған, ұлт мүддесіне жаратар, халқы сүйіп тыңдайтын саз қалдырған сазгерлер жайлы өрбіген тағылымды кеш ән әлеміне қанат қақтырғандай болды.