"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

11 Мамыр 2011

Жауынгер – публицист Баубек Бұлқышев


/Міне, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталуы кеңес халқы үшін ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Осыған орай А.Гайдар атындағы  орталық қалалық балалар кітапханасында қазақ жазушысы, жауынгер - публицист, Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан ақын жерлесіміз, Қарағанды облысы Ұлытау ауданының тумасы Баубек Бұлқышевтің 95 жылдығына арналған «Өмірге құштар өр тұлға» атты тарихи сағаты өтті.
Бұл мерекенің мақсаты оқушылардың адамгершілік мәдениетіне, өз халқының тарихи естелігіне құрметтеу, ерлікке тәрбиелеу, өз халқының тарихын, тарихи тұлғалар мен оқиғаларды танып-білуін қалыптастыру.Кітапханашы Л.Ыбышева жазушының өмірі, шығармашылығымен таныстырды. №2 лицейінің 6 «а» сынып оқушылары жазушының «Мен өмір сүргім келеді» атты хат түрінде жазылған публицистикалық шығармасын, «Майдың көркі», «Көз алдымда», «Жауынгер», «Қайран ана», «Қош, қос қыран» өлең-жырларын, сонымен қатар «Өмір мен өлім» мақаласынан үзінді оқыды.Оқушылар сарайының жас дарындары А.Өміржанова мен Н.Береке Ұлы Жеңіс мерекесіне арнап ән салды.
Тарихи сағаттың қорытындысы ретінде «Өмірге құштар өр тұлға» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика