28 Сәуір 2011
Қазақтың ұлы ақындары өздерінің шығармаларында келер ұрпақтың дене шынықтыру тәрбиесіне үлкен көңіл бөлген. Олар бұл тәрбиенің адамның ойлау қабілетіне, халықтың сана - сезімінің оянуына әсер етеді деп есептеген. №2 кітапхана-филиалында Қ.Мұңайтпасовтың 140-жылдығына арналған "Қазақтың тұңғыш палуаны. Казахский палуан" атты тарихи сағат өтті. Аталмыш іс-шараға № 16 мектептің бастауыш сынып оқушылары қатысты. Мереке қазақтың ұлы ақыны С.Сейфуллиннің «Қажымұқан» атты өлең жолдарынан басталды. Балаларға бұл шара өте қызықты болды.Оқушылардың арасында ұлы палуан туралы естімегендері де бар екен. Француздық күрес бойынша, аймақтық, ресейлік, бүкілодақтық чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы аталған тұңғыш қазақ Қажымұқан Мұңайтпасов екенін білді. Сонымен қатар балалар Қ.Мұңайтпасов туралы жазылған мақалалар мен мерзімдік басылымдармен танысты.