"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

06 Сәуір 2011

«Жылдың үздік оқырманы» бенефисі


2011 жылдың  2 сәуір  айында  білімге құштар жеткіншектердің  сүйікті ордасының киелі шаңырағы  – А. Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасында жыл бойы  өтетін игілікті істерді насихаттау және кітапхананың білімді оқырмандарын көпшілікке таныстыру мақсатында өткізілетін  кітап апталығының жабылу салтанаты  «Жылдың үздік оқырманы»  айдарымен өтті. Кітап оқуға уақыт табыла бермейтін мына заманда рухани азық іздейтін оқырмандардың барлығы қуантады. Аталған кітапхана оқырмандары - кішкентай бүлдіршіндердің  білімге деген құштарлығы зор.
Кітапқұмар оқырманның ортасынан озып шыққан оқырмандар: №15 мектебінің 3 сынып  оқушысы Мақұлбек Фараби отбасы «Ең кітапқұмар отбасы», «Таңшолпан» балабақшасының бүлдіршіні 4 жасар Могильная Валерия «Ең кішкентай оқырман» және №4 мектеп оқушысы Околелова Катя «Ең қалың формуляр» атты номинацияларымен  марапатталды. Номинанттарға «Бірінші оқыған кітабың есіңде ме?», «Балаңызды кітап оқуға қалай баулыдыңыз?», «Кітап оқу саған несімен ұнайды?», «Кітап оқудан қандай әсер аласың?» т.б.   сұрақтар қойылды.  Шара соңында «Білім-ырыс азығы. Кітап – өмір азығы. Оқусыз білім жоқ. Білімсіз күнің жоқ» деген сөздерімен  кітапханашы З.Узалина үздік оқырмандарды құттықтап,  номинация аты жазылған медальондар мен естелік сыйлықтар тарту етті.

/

/

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика