"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

31 Наурыз 2011

«Журналдар серпантины»


2011 жылдың 30 наурызында А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасында Балалар кітабы апталығының аясында «Журналдар серпантины» атты балаларға арналған басылымдар беттеріне саяхат жасалды. Бұл іс- шараның мақсаты оқырмандарға бұрыңғы және заманауи басылымдар туралы ақпарат беру.
Шақырылған балалар білімқұмар және кітапхананың белсенді оқырмандары  - болашақ білім әлеміне көп әсер мен жаңа ашылулар күтіп тұрған бастауыш сынып оқушылары.  Бүлдіршіндерге «Журналдар әлемі» атты көрмеге қойылған «Айгөлек», «Бала би», «Балбөбек», «Қуырмаш» және т.б.  балалар басылымдары ұсынылды.
Жас оқырмандар балалар басылымдарының шығу тарихымен танысып қана қоймай, сонымен қатар, анкета сұрақтарына жауап берді:

  • Сен газеттер мен журналдарды оқығанды ұнатасың ба?
  • Сенің сүйікті басылымың?
  • Сенің отбасың қандай газет –журналдарға жазылады?
  • Бүгін сен қандай басылыммен бірінші рет танысып, оны оқығың келеді?

Соңында журнал беттерінен балаларды қызықтыратын, ойлау қабілеттерін оятатын әр қилы ойындар, жұмбақтар, ребустар ұсынылды. Балалар айналасында болып жатқанның барлығына қызығады, сан қилы «неге?» "не үшін?» деген сұрақтар пайда болады, ал осы журналдардың көмегімен сұрақтарына қызықты және ойын түрінде жауабын табады.

/

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика