"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

28 Наурыз 2011

Балалар кітабы апталығының тұсаукесері


26 наурыз күні көктемгі каникул кезінде А.Гайдар атындағы балалар кітапханасында  жыл сайын өтетін  дәстүрлі балалар және жасөспірімдер кітабының апталығы өтті. Балалар кітапханасына күнделікті  өздерінің сүйікті кітаптарының кейіпкерлерімен кездесуге 47 бала келді. «Біз кітаппен кездесуге шақырылдық» деп аталған балалар мен жасөспірімдер кітабының апталығы «Кітаптар хит- парады» тұсаукесерімен ашылды.  1943 жылдан бері аталып  келе жатқан бұл мереке бүгінгі күні де өз маңызын жоғатқан емес, кітап - әрдайым басты рухани байлығымыз болып қала бермек екенін мереке барысында кітаптарға саяхат, шолуларға, әдеби сұрақ-жауап ойындарына қатысқан балалар өздерінің білімдерімен дәлелдеді.  Кітап апталығына келген бүлдіршіндер «Кітап Ханшайымы мен Әріпжегіш» атты театрланған көрініс,  көрермендер арасында «Кім көп біледі?» сайысы, сонымен қатар, «Білімпаздар» мен «Кітапқұмарлар» командалық сайысын тамашалады. Қандай мереке болсын қызықты оқиғалармен және сыйлықтармен қызықтырады, бүгінгі мерекеге  де келген балаларға сыйлықтар тарту етілді.

 src=/media/IMG_2708_(9920).jpg

 src=/media/IMG_2713_(9921).jpg

 src=/media/IMG_2730_(9922).jpg

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика