"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

25 Наурыз 2011

20 жыл уақыт толуына


Ата-бабаларымыздың аманаты-азаттығымызға қол жеткізіп, егеменді ел болып, етек-жеңімізді жинап, әлемнің азулы елдерімен терезесі тең мемлекет құрып, дамыған елдердің қатарына қосылуға ұмтылып келе жатқан Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздігіне 20 жыл уақыт толуына орай 25 наурызда С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханада «Бабалар тағлымына –ұрпақтар тағзымы» атты дискуссия болып өтті. Егемен ел, тәуелсіз мемлекет болуды армандаған, осы жолда өз өмірлерін қиған Алаш азаматтары, XX ғасырдың басындағы Ұлы жұт-ашаршылық және сталиндік репрессия жөнінде қойылған мынадай сұрақтарды  жастар:

  1. 1930 жылдардағы нәубет , Голощекин саясаты.
  2. «Алаш азаматтары» туралы не білесіздер?
  3. «Алаш» партиясын ұйымдастырушылар кімдер еді?
  4. Сталинге табынушылық немесе
  5. «58 статья» жөнінде не білесіздер?
  6. Тәуелсіздік  алғаннан кейінгі осы қуғын-сүргін мәселесінің зерттелу деңгейі қалай? және т.б. сұрақтарды қатысушы жастар қызығушылықпен, талқылап,тоталитарлық жүйенің осындай сұрқия саясатына қарамастан қазақ халқының жантүршігерлік қиын-қыстау кезеңде соңғы күшімен бостандық үшін күрескенін ерекше тебіреніспен, толқыған сезіммен әңгімеледі.

Бұл іс-шараға қаламыздағы «Болашақ», Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің, «Қазақмыс» Корпорациясының Политехникалық колледжінің Отансүйгіш патриот жастары қатысты:А.Алимжанова, А.Құлбек, А.Ерболатова, Ф.Исағалымова, А.Махмет, Г. Қаипбергенова, Ж.Серік, А.Сапарбекова.

/

/

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика