"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

14 Ақпан 2011

«Өлең өзегі-өршіл рух»


2011 жылдың 9 ақпанында №3 кітапхана-филиалында   саф алтындай поэзиясын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген Мұқағали Мақатевтың 80 жасқа келген мерейтойына арналған  «Өлең өзегі-өршіл рух» атты поэзия кеші болып өтті.Кешке  П.Русаков атындағы №3 интернаттың  7-9 сынып оқушылары мен тәрбиеші ұстаздар қатысты.
       Кешіміздің мақсаты М.Мақатаев шығармалары арқылы шындықты,сұлулықты қадірлей білуге тәрбиелеу. Еліне, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.Ұлттық әдебиетімізді, мәдениетімізді  насихаттау болды.Сахна төрі шарлармен безендіріліп,портреттер ілінді.Кешке арнайы слайд көрсетілді.
      Кеш барысында: «Жадымызда жаңғырған жыр жолдары»  ақынның сөзіне жазылған әндермен  жалғасты. Интернат оқушылары Маржан Құрманбекова,Дамир Жүнісов,Темірлан Мұхамеджанов т.б.ақынның «Анау аспан мынау бақ», «Бабаларым рахмет сендерге», «Барлығы сендердікі» т.б. шығармаларын жатқа оқып берді. «Саржайлау», «Кептерлер», «Есіңе мені алғайсың», «Аққу дастан» әндері  Жакупова Перизаттың «Наз» квартетінің орындауларында шырқалды. Ақынның «Анкета» атты диалогы оқылды.Ақиық ақынға арналған  кітап көрмесіне кітапханашы Жарқымбекова Дана  шолу жасады.
 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика