"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

15 Желтоқсан 2010

«Желтоқсан жаңғырығы»


src=/media/zheltoksan.jpg2010 жылдың 14 желтоқсан күні С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханада «Нұр Отан» ХДП Балқаш филиалының ұйымдастыруымен «Желтоқсан жаңғырығы» атты диспут болып өтті. Бұл іс-шараға қаламыздағы БГТК және «Болашақ» колледждерінің студенттері қатысты.Диспуттың мақсаты: желтоқсан оқиғасын насихаттау және оның әкелген зардабы туралы ашып айту. Жастар тарихи оқиғаны талқылап, сараптады. Желтоқсан құрбандарын еске алу, жастардың бойында отанына, ұлтына, тіліне деген патриоттық сезімдерін ояту. Диспутқа қатысушы әрбір жастар, Тәуелсіз Қазақстанда бейбітшілік, ұлттар достығы жалғасын тауып, ұлтаралық қатынастар нығаюын тіледі. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының  куәгері, №9 мектептің тарих пәнінің мұғалімі Әбдіғаппарова Үміт Сейтжанқызы желтоқсан оқиғасына тарихшы ретінде баға беріп, алаңда болған оқиғаларды әңгімелеп берді.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика