08 Маусым 2010
6 маусым күні сағат 10-00 Балқаш гимназиясының алдында А.С Пушкиннің 211- жылдығына арналған «Ол – біздің ақын, ол – біздің даңқымыз » атты Пушкин оқуы қазақ және орыс тілдерінде өтті.
Осы кешке қала кітапханашыларымен, гимназия оқушылары, «Болашақ» колледж студенттері қатысты. Қатысушылар ХІХ ғасырдың ұлы орыс ақынының өлеңдерін орыс тілінде және Абай аудармасында қазақша мәнерлеп оқып, көрермендер жүрегіне жеткізе білді. А. С. Пушкиннің өлеңдерінің өлмес мұрасын алдымен өзіміз танып, сосын әлемге таныту – біздің ғұмырлық парызымыз.