11 Мамыр 2010
4мамыр күні сағат 10-00да С.Сейфуллин атындағы кітапханада «Ұлы Жеңіске-65» атты кешінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері:Тотаев Хаден,Көпбаев Құдагелді аталарымыз мектеп оқұшыларымен бас қосты. Бұл кеште ардагерлер от пен оқтың ортасында жүрген сәттерін еске алып,бүгінгі ұрпақ ондай зұлматты көрмесін деген тілектерін білдірді,оқұшылардыңсұрақтарына жауап берді. Мектеп оқұшылары өз алдымен ардагерлерге арнап қойылым ұсынды,ән айтты.Жас ұрпақ атынан оқұшылар ардагерлерімізді Жеңістің 65жылдығымен құттықтап,ақ тілектер айтылды.