09 Желтоқсан 2025
9 желтоқсан күні кітапхана үдерістерін автоматтандыру бөлімі Capcut бағдарламалық жасақтамасы бойынша практикум өткізді. Қызметкерлер мәтін, фон, анимация үлгілерін және т.б. қосу арқылы бейне дизайн үлгілерін, бағдарламаның ақылы нұсқасын тегін нұсқасымен салыстырып, тегін нұсқаның мүмкіндіктерін көрсетті. Сонымен қатар, аз уақыттың ішінде бейнеролик жасауда пайдалануға болатын үлгілердің алуан түрлілігі талқыланды. Бағдарламада жасанды интеллектті қалай пайдалану керектігін және бұл мүмкіндіктің кең ауқымы көрсетілді.