«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» облыстық байқау
Ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының әдеби мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» облыстық байқауы Қарағанды қаласында ұйымдастырылды. Қалалық кезеңінен облысқа жолдама алған қатысушылар өз өнерлерін көрсетіп, қазылар алқасының шешімімен «Көркемсөз шебері» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі Дипломға және 700 000 теңге сертификатына №2 Абай ат. мектеп-лицейінің оқушысы Алғамжанова Сара ие болды. Алғыс хат және 50 000 сертификат Жанатова Жанельге табысталды.
«Абай - сурет әлемінде» номинациясы бойынша «Үздік композициялық шешім» аталымымен Тоғжанов Әлижан және «Даналық үні – қара сөз» номинациясы бойынша Сапарғалиев Мадияр алғыс хат және 50 000 тг сертификаттарымен марапатталды.