"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Сіз жасанды интеллекті қаншалықты білесіз?

Жаңалықтар

20 Қараша 2025

«Мерейгер кітап» әдеби дилижанс


№4 «Сырлас» кітапхана-филиалының ұйымдастыруымен Балқаш қалалық медициналық колледжінде балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» повесінің жарыққа шыққанына 65 жыл толуына орай «Мерейгер кітап» тақырыбында әдеби дилижанс өтті.
Бердібек Соқпақбаев – өзі өмір сүрген кезеңнің келбетін боямасыз суреттеген қаламгер. Ашаршылық пен жетімдіктің зардабын тартқан жазушы «Балалық шаққа саяхат» повесінде балғын балалығының қиындыққа толы болғанын шынайы бейнелеген. Іс-шара барысында студенттер шығарманы талдап, кітап көрмесіне қойылған «Өлгендер қайтып келмейді», «Жекпе-жек», «Қайдасың, Гауһар?», «Менің атым – Қожа» сияқты туындылармен танысып, оларды оқуға кеңес алды.
 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика