"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Сіз жасанды интеллекті қаншалықты білесіз?

Жаңалықтар

19 Қараша 2025

«Шоқан әлемі» экскурсия


Ғұмыры құйрықты жұлдыздай жарқ етіп, өмірі аққан жұлдыздай қысқа болған ұлы ғалым, саяхатшы, ағартушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай №2 кітапхана филиалында «Шоқан әлемі» атты экскурсия ұйымдастырылды. Қонаққа қаламыздағы Әл-Фараби атындағы ЖББ мектебінің @balkhash_alfarabimektep кітапханашысы А.Бүркітбай және 7А сыныбының оқушылары. Шара барысында Шоқан Уәлихановты алғашқы қазақ ғалымы, тарихшы, этнограф, саяхатшы ретінде ғана танып қоймай, суретші екені туралы айтылды. Оның осы қырының дамуына көп үлес қосқан суретші А.Померанцев жайында деректерге тоқталды. Оның қылқаламынан шыққан «Қашқарлық келіншек», «Автопортрет», «Сырымбеттегі мекен» сияқты қарандашпен салынған туындылары оқушыларға таныстырылды.
Шоқан мұрасынан жан-жақты хабардар ете отырып, оқушылардың қызығушылығын оятып, елжандылық, ұлттық құндылықтарды сіңіре алдық.
 
 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика