Ұлттық валюта – теңге күніне орай 14 қараша күні №2 кітапхана-филиалында @2kitaphana_filialy «Ғасыр қазынасы - теңге» атты лото ойыны ұйымдастырылды. Іс-шара қонақтары қаламыздағы «Абай атындағы №2 мектеп – лицейі» КММ-нің @balkhash_2mekteplicei кітапханашысы Х.Булганбай және 6Б - 6В сынып оқушыларының қатысуымен өткізілді. Ойын «Болашақ» 6Б және «Қазына» 6В тобының арасында болып, үш кезең (1 – топты таныстыру, 2- блиц-турнир, 3 – кезең үй тапсырмасы) бойынша жеңімпаздар анықталды. Оқушылар ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін оята отырып, «бақыт ақшада» деген қағиданы жоққа шығара алды.