21 Қараша 2025
Бүгін кітапханашылар үшін «VideoLab — шығармашылық идеялар зертханасы» форматында практикалық сабақ ұйымдастырылып, қатысушылар заманауи видеоформаттардың мүмкіндіктерін зерттеп, кітапханалық қызметті насихаттауға арналған тың идеялар ойлап тауып, шағын бейнероликтер түсіру мен оларды өңдеу тәсілдерімен танысты. «Балалар кітапханасының медиа бейнесі: блогинг арқылы кітапқа баулу» meetup форматында өткен облыстық семинарға қатысып келген А.Гайдар атындағы ОҚБК кітапханашысы Рамазанова Айгерім өз тәжірибесімен бөлісіп, тиімді контент жасау әдістерін, балалар аудиториясына арналған бейнежобаларды жоспарлау қағидаларын және оқырман тартудағы медиа құралдарының рөлін кеңінен түсіндірді. Іс-шара шығармашылық атмосферада өтіп, қызметкерлер болашақта кітапхана жұмысында қолдануға болатын жаңа идеялар мен пайдалы дағдылар жинақтап шықты.