11 Қараша 2025
«Әдебиет + Көркем ой: Жаңа толқын» fan fiction/комикс байқауының қорытындысы
С.Сейфуллин ат. ОҚК өскелең ұрпақ арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, қазақ классикалық әдебиетін, ұлттық мәдениет пен тарихты заманауи форматта насихаттау мақсатында қала мектептері мен коллдеж студенттерінің арасында «Әдебиет + Көркем ой: Жаңа толқын» fan fiction/комикс байқауын ұйымдастырды. Қазылар алқасы барлығы түскен 11 жұмысты қарап шығып, келісідей қорытынды шығарды:
1 орын - №4 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Сания Жумасат
2 орын - «Қазақмыс» корпорациясы Политехникалық колледжінің студенті Бекжан Касимов
3 орын - «Қазақмыс» корпорациясы Политехникалық колледжінің студенті Саялы Зарубек
3 орын - «Қазақмыс» корпорациясы Политехникалық колледжінің студенті Арсений Фикс
Жеңімпаздар диплом және естелік сыйлықтармен марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.