07 Қазан 2025
«Қыз сұлу көрінеді әдебімен» сыр-сұхбат
Қыз емес, қыздың аты-қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын.
«Қыздарға әсемдік жарасады» демекші, қыз бала тәрбиесін, қыз бала әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың жаршысы екенін сөз етпек мақсатында №4 «Сырлас» кітапхана-филиалының «Сәукеле» клубының ұйымдастыруымен «Қыз сұлу көрінеді әдебімен» атты сыр-сұхбат өтті. «Қазақта қызғы қырық үйден тыйым» - бұл сұхбаттың басты арқауы болды. Халқымыздың қыз балаға қатысты салт-дәстүрлері мен тәрбиелік ұғымдарын сөз ете отырып, тыйым сөздердің мағынасы талқыланды.