"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Сіз жасанды интеллекті қаншалықты білесіз?

Жаңалықтар

03 Қазан 2025

«Ұстазым, ұлағатым, үлгі-өнегем!» кездесу кеші


Өмірдегі бар асыл қасиеттерді бойына дарытып, шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, оқушыларға адамгершілік рухта бағыт-бағдар беретін -ұстаз. Ұстаздар күні мерекесі қарсаңында С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада «Ұстазым, ұлағатым, үлгі-өнегем!» атты кездесу кеші ұйымдастырылды. Келешек ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде қажырлы еңбек етіп жүрген қаламыздың ұлағатты ұстаздары Жолдасова Дина Турсыновна, Әбдіуалиева Сәуле Нұрғазықызы, Қанат Даркен Кәменқызы, Құрмаш Айнұр Есенқызы, Бақытқызы Перузия қонақта болды. Шара барысында ұстаз мамандығының орны мен қадір-қасиеті кеңінен айтылып, ұстаздарға деген құрмет пен ілтипат әрқашан ерекше екені атап өтілді. Ұлағатты ұстаздар өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, алғашқы еңбек жолынан естеліктерін айтып, білім саласындағы жетістіктері мен шәкірт тәрбиесіндегі қызықты әрі жауапты сәттер туралы ой бөлісіп, жас ұрпаққа үлгі боларлық өнегелі әңгімелерін жеткізді.

https://www.instagram.com/p/DPV50wfDBqL/

https://www.facebook.com/reel/1014698094061020

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика