"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Сіз жасанды интеллекті қаншалықты білесіз?

Жаңалықтар

24 Қыркүйек 2025

«KITAPTIME – 2025» фестивалі


«KITAPTIME – 2025» - жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл шара кітапсүйер қауым мен шығармашылық жандарды біріктіріп, рухани байлық пен зияткерлік дамудың алаңына айналады.
Фестиваль аясында кітапханаларда түрлі мазмұндағы іс-шаралар ұйымдастырылып, оқырман мен әдебиет әлемін жақындастыруды мақсат етеді.
С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада әдебиет сүйер қауымын біріктірген керемет әсерлі «Оқы! Талаптан! Жаса!»  атты BOOKSLAM өтті. Шараға қатысқан әрбір қатысушының міндеті оқыған кітабы туралы  айтып баяндау арқылы басқа оқырмандарды қызықтырып, оқуға деген құштарлығын арттыру. Қонаққа келген тұрақты оқырмандар, қаламыздың оқу орындарының оқушылары мен студенттері үшін аталмыш кездесу идея алмасу, шабыттану және өзара тілдесу алаңына айналды. Ең белсенді қатысушыларға кітап оқуға деген сүйіспеншілігі үшін алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. 
А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасында өткен кезекті «Жүйрік кітап» акциясы Ұлы ойшыл, кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналды. «Кітаппен жүздес, Абаймен тілдес» тақырыбындағы бұл шара өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау және Абайдың мұрасын кеңінен таныту мақсатында ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, №1 және №4 кітапхана-филиалдарының ұйымдастыруымен «Ұлы даланың ұлы ақыны»  Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған шара, №3 кітапхана-филиалында С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназияның 8 сынып оқушыларының қатысуымен  «Абай – дана, Абай - дара» атты әдеби портрет, №5 кітапхана-филиалында «Табиғаттың байлығы» тақырыбында арт сағат өтті. Абайдың өмір жолы, шығармашылығына арналған кітап көрмелеріне шолу жасалып, қара сөздері мен өлеңдерінен үзінділер оқылып, табиғат тақырыбына суреттер салынды.
Кітаппен байланыс үзілмесін, оқырман! Осы фестиваль – сол байланысты тереңдете түсер мереке болды!
 
 
 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика