11 Қыркүйек 2025
№4 «Сырлас» кітапхана-филиалында «100 кітап» жобасы аясында «Асыл сөзді іздесең Абайды оқы» әдеби круиз ұйымдастырылды. Шараға №03876 әскери бөлімінің сарбаздары қатысып ұлы ойшылдың қара сөздерін талдап, ақын мұрасының бүгінгі күндегі маңыздылығы жайлы ойларымен бөлісті.
«Абайды оқы - таңырқа» атты кітап көрмесіне шолу жасалып, өлеңдерінен үзінділер оқылды. Абай мұрасы - қазақтың ең қасиетті қазынасы. Ол өзінің халқымен мәңгі бақи бірге жасамақ.