16 Қыркүйек 2025
С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада Республикалық «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында ұйымдастырылған «Ақ ниеттің адал жыршылары» атты қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғалары ақын, жазушы Т. Әлімқұлов пен Ж. Нәжімеденовтің шығармаларына арналған кітап көрмесіне шолу жасалды. Әдеби көрмеге Балқаш медицина колледжінің студенттері қатысты. Екі ақынның шығармашылығы мен өмірі баяндалып, көрмедегі әдебиеттер студенттер назарына ұсынылды.
Ақын - жазушылардың шығармашылығы қазақ әдебиетінің баға жетпес алтын қазынасы. Олардың есімдері мен мұрасын ұлықтау - біздің ортақ міндетіміз.