18 Маусым 2025
№5 кітапхана-филиалы, жаздың демалыс күндерін көңілді, тиімді өткізу мақсатында мектеп жанынан ашылған жазғы лагерь балаларына түрлі іс-шаралар жоспарланған. Соның бірі «Көңілді старт» эстафеталық ойындары. Атқа мініп жарысу, белдеме, секірме, доппен жарыс секілді түрлі қызықты ойындарға балалар өте көңілді, «бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» деген қағидамен білек сыбана кірісіп, белсенділікпен қатысты. Сайыс соңында ойынға қатысқан барлық балаларға тәттілер таратылды.