18 Маусым 2025
«Жаз, кітап, мен – достар!» тақырыбында біз дәстүрлі түрде жазғы оқу маусымының ашылуын өткіздік. Орталық қалалық саябақта жиналған мектеп жанындағы лагерь бүлдіршіндері open air форматында өткен «Biblio IQ» викторина, «Bubble-сұрақ» танымдық ойын-шоу, «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» Quiz Game, «Ертегілер әлемінде» «Қуыршақ» театрының қойылымы, «Летняя игротека» қимыл-қозғалыс ойындары, «Көңілді старт» эстафеталық ойындар алаңдарына қатысып, таза ауада кітап оқып, жаңа әдебиеттермен танысты, таным-білімдерін сынап, бой сергітіп алды. Жазғы оқулар балғындардың демалыс кезінде бос уақыттарын тиімді, әрі қызықты өткізуіне ықпал етеді, кітап оқу мәдениетін қалыптастырып, дамытады деген ойдамыз.