01 Маусым 2025
№3 кітапхана-филиалында «Шебер» клубы аясында «Көңілді күн» шеберлік сағаты өткізілді. Шарада оқырмандарымыз түрлі-түсті қағаздармен жұмыс жасап, шығармашылық қабілеттерін көрсете білді. Жазғы демалыс уақытындағы мұндай сағаттар өскелең ұрпақтың қолөнерге деген қызығушылығын арттырады.