"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

17 Қаңтар 2025

«Кітапхана және оқырман» оқырман бенефисі


С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада «Кітапхана және оқырман» атты оқырман бенефисі өтті.
Іс-шараға кітапханамыздың белсенді әрі тұрақты оқырманы – Рахимова Үміт Кемербайқызы шақырылды. Қонағымыздың оқыған кітаптарынан «Менің сүйікті кітаптарым» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Үміт Кемербайқызы өзі оқыған шығармалардан алған әсерін шара қонақтарымен бөлісіп, кітап оқудың маңыздылығы туралы ой-толғамдарын ортаға салды.
Іс-шараға қатысушылар Үміт ханымның білімге құштарлығы мен оқырмандық мәдениетін жоғары бағалап, оған шынайы ықылас пен жылы лебіздерін білдірді. Белсенді оқырманымыздың ерекше үлесі атап өтіліп, ол ЖЫЛДЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ОҚЫРМАНЫ номинациясымен марапатталды.
Бұл шара кітап пен кітап оқуды дәріптейтін үлкен мерекеге айналып, барша қатысушыларға ерекше рухани әсер сыйлады.
 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика