26 Қараша 2024
А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы “Таза Қазақстан”республикалық экологиялық акциясы аясында «Ғаламшарға көмектесейік» атты экосағаты өтті. Мақсаты: жас ұрпаққа экологиялық мәдениетті қалыптастыру, отансүйгіштікті, табиғатты қорғай алатын адамгершілігі мол, ізгілікті, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу. "Тазалық сыпырған жерде емес, сақтаған жерде" демекші, әрбір азамат қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, туған жерінің қадірін ұғынып, тазалығын сақтауға ынта қоюға міндетті екенін айтылды. Жас ұрпаққа тазалықтың қоғам үшін алар орны ерекше екенін ұғындыра отырып, көшеде шашылып жатқан пакеттің өзінің қандай зияны бар екеніне тоқталды. Шара соңында «Сырға толы ғажайып табиғат» көрмесіне шолу жасалды.
https://www.instagram.com/p/DC1DWwpt4H7/?img_index=1
https://www.facebook.com/photo?fbid=1746311462855548&set=pcb.1746311576188870