13 Желтоқсан 2024
Еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше - Тәуелсіздік күні қарсаңында, халықаралық - республикалық ақындар айтыстары мен халықаралық фестивальдардың лауреаты, қазақтың Сары Тентегі, ақын, бард Қуаныш Мақсұтовтың «Мәңгілік мұңның әуені» атты әдеби – музыкалық кеші өтті. М.Хамзин атындағы мәдениет сарайының фойесінде көрермендердің қатысуымен ақынның «Құт» кітабының таныстырылымы ұйымдастырылып, үлкен залда ақынның шығармалары негізінде жасалған қойылыммен жалғасты. Қала әкімі С.Сатаев шығармашылық кештің иесі Қ.Мақсұтовты құттықтап, ақынның иығына шапан жауып және ықылас гүлін табыстады. Кеш соңында Қ.Мақсұтов поэзия, бардтық туындыларын орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.