14 Желтоқсан 2024
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасында «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты тарихқа экскурс өткізілді. Шараға қатысқан қаламыздың Ә.Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейінің оқушылары желтоқсан оқиғасымен келіп, тарихымыздың төрінен орын алған Тәуелсіздік және Тәуелсіздіктің тұғырын биіктеткен негізгі оқиғалар жайындағы кітаптармен танысты.