"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

13 Желтоқсан 2024

«Тәуелсіздік – орындалған арман» тағылымды кездесу


16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Сәкен Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада «Тәуелсіздік – орындалған арман» атты тағылымды кездесу өтті.
Кездесуге Желтоқсан оқиғасының қатысушысы Зинагүл Хасенова және оқиға куәгері Үміткүл Аскеева шақырылып, студенттермен әсерлі жүздесу өткізді. Қонақтар 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының мән-маңызын, сол кезеңде жастардың көрсеткен батылдығы мен қайсарлығын баяндай отырып, өздерінің естеліктерімен бөлісті.
Бұл оқиға қазақ халқының тәуелсіздікке деген ұмтылысын көрсеткен тарихи сәттердің бірі болып табылады. Желтоқсан оқиғасының қаһармандарының ерліктері бүгінгі ұрпақ үшін нағыз патриоттық үлгі бола алады.
Кездесу барысында студенттер қонақтарға өз сұрақтарын қойып, ашық әңгімеге қатысып, тарихи оқиғаларға тереңірек үңілуге мүмкіндік алды. Іс-шара жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты нығайтып, тәуелсіздіктің бағасын түсінуге ықпал етті.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика