"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

20 Қараша 2024

«Болашаққа - үміт, жастарға - сенім» talk time


«Жастар - болашаққа апаратын алтын көпір» дейді дана қазақ. Олай болса, жастар айқын мақсатпен жігерленіп, тек қана алға ұмтылуы қажет. Осындайда, белгілі ақын М.Жұмабаевтың «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты, мен жастарға сенемін!» – биік рухты өлеңі еске оралады. Бүгін С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада «Болашаққа - үміт, жастарға - сенім» talk time өтті. Шараға еңбекке баулып, өз жетістіктері арқылы мотивация беруді мақсат еткен қаламыздың белсенді жастары - Ilc.teb Халықаралық тілдер орталығының жетекшісі А.Мұқатай, «Балқаш қаласының №9 жалпы білім беретін мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі А.Ермек, тарих пәнінің мұғалімі Г.Аманқұл, қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі А.Ізбасар және Сауықтыру спорт кешенінің спорт нұсқаушысы Е.Ермек қонақта болды. Олар өз жетістіктерімен, өміріндегі қызықты сәттерімен бөлісіп, барша жиналған жастар қауымына ізгі тілектерін білдірді. Шара соңында ойындар ойналып, сыйлықтар табысталды.

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика