14 Қараша 2024
С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада Халықаралық Ақ таяқ күніне орай «Біз әлемді жүрегімізбен көреміз!» атты әдеби-музыкалық каскадтың әуендері ойналды. Іс-шараға қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысатын «Қазақ зағиптар қоғамы» ҚБ қызметкерлері қатысты. Олардың көпшілігінің өмірі тамаша әсерге, қуаныш пен күнделікті тірлік қамына, өмірлік маңызды міндеттерге толы. Олар өздерінің табандылығымен және өмірге деген сүйіспеншіліктерімен үлкен белестерді бағындырған жандар. Көбісі белсенді өмір салтын ұстанады: ән айтады, би билейді, өлең жазады және спортпен белсенді түрде айналысады.
Іс-шара бағдарламасы өте қызықты және әсерлі болды. Г.Жаппарова, М.Шараватова, Т.Волкова және С.Башарова орындаған әндер барлығының көңілінен шықты. Ал, Н.Новикова өзінің авторлық өлеңдерімен қатысушылардың көңілдерін жібітіп, жандарын тебірентті.
Сондай-ақ, қоғамдық бірлестіктің ең белсенді қызметкерлері бағалы сыйлықтармен марапатталды.