12 Қараша 2024
«Өзің білгеніңді халқына үйрет!» Міржақып Дулатов айтқан ұстаныммен №4 «Сырлас» кітапхана-филиалының «Сәукеле» клубының ұйымдастыруымен «Балқаш қаласының мәдени-сауық орталығы» КМҚК тігінші маманы Мадина Русланқызы іс тігу өнері бойынша қыздарға «Шебердің қолы өнерлі» атты шеберлік сағатын өткізді. Шара барысында оқушыларға тігін машинасын қалай қолдануды, жылдамдығына жаттығып, түзу тігісті ақ матаға тігуді, киім үлгісін пішуді үйретті. Тігіншілік өнер үнемі бойға шабыт беріп, көңілге шаттық ұялатады. Адамды іскерлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды. Зеректік пен ептілікке тәрбиелеуді айтпасақ та түсінікті. Сан алуан түсті маталарды қиюластыру арқылы қиыстырып, үйлестіру дегеніңіздің өзі үлкен еңбекті талап етеді. Іс тігу өзің үшін де, отбасың үшін де пайдалы. Сондықтан үйренуден жалықпайық.
https://www.facebook.com/100011219373453/videos/pcb.2267260876991203/9682077785152509