30 Қазан 2024
Ұлттық мерекені ұлықтау мақсатында «Балқаш қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ ұжымымен бірлесе «Қыран елім – Қазақстан» атты патриоттық алаң ұйымдастырылды.
Іс-шара қонақтары:
«Балқаш қаласының тілдер орталығы» КММ директорының орынбасары Балғабаева Мөлдір Асхатбекқызы
Әуе әскери күштеріне қарасты 53898 әскери бөлімінің аға-нұсқаушысы аға лейтенант Жақаш Әділжан Бақытжанұлы
53898 әскери бөлімінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету батальонының оттегі өңдеу станциясы маманы қатардағы жауынгер Жанғабаев Айбол Алматұлы және қаламыздағы медициналық колледж СД 409А ІІ- топ студенттері қатысты.
Іс- шара барысында, өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты, Отанға шексіз қызмет ету туралы сөз қозғалды.
Республика күні – бұл халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайта түсетін аса маңызды тарихи күн! Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болғай!
https://www.instagram.com/p/DBQOQcbodMK/