29 Қазан 2024
«Оқитын ұжым» жобасы
«Оқитын ұжым» жобасы аясында Д.С.Клейсонның «Вавилондағы ең бай адам» шығармасын «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Балқаш қаласының аймақтық филиалының қызметкерлерімен талқылап, әр адам бай бола алады деген тұжырымға келдік.
Автор өз шығармасында Вавилондағы ежелгі жазбаларды мысалға ала отырып, қаржылық сауаттылықтың жолдарын ұсынады. Шығармадағы келтірілген заңдылықтар мен ережелерді өз өміріңізде қолдана аласыз ба? Сіз қаржылай тәуелсіздікке қол жеткізу үшін не істейсіз? және т.б. сұрақтарға банк қызметкерлері шығарма кейіпкері Аркадтың басынан өткен іс-әрекеттермен байланыстыра отырып жауап берді. Әрине әркім бай болуға лайықты!
1962 жылы жазылған шығарма қазіргі таңда өзінің өзектілігін жойған жоқ.
Егер қаржыңызды жоспарлауды, өз табысыңызды сақтауды әрі еселеуді білмей жүрсеңіз осы шығарманы оқуға кеңес береміз.