18 Қазан 2024
Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл. Батыр ағамыздың есімін ұлықтау, өшпес ерлігін дәріптеу мақсатында қаламыздағы Әуе Әскери күштеріне қарасты Балқаш қаласында орналасқан 53898 әскери бөлім сарбаздарымен «Ерлігі ұрпаққа үлгі» атты әскери - патриоттық кездесу болып өтті. Жиынға аталмыш әскери бөлім бөлімінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары - бөлім бастығының міндетін уақытша атқарушы майор Сейтимбетов Алмас Серікұлы, тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің әскери тәртіп және мемлекеттік-дайындық аға офицері Әуелов Абзал Болатбекұлы және тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің аға офицер (психологі)ТжИЖ жөніндегі орынбасары Абишев Бақтияр Ергалиевич қатысты.
Халық қаһарманы Р. Қошқарбаев - батылдық, табандылық пен ерліктің символы. Рахымжан Қошқарбаевтың өшпес ерлігі туралы талай жыр-дастан, естеліктер, сыр-сұхбаттар, әңгіме, хикаяттар жазылды. Ерлік – елдің туы. Ер қуаты қару болса, ел қуаты – батырлары, сақадай сарбаздары мен сардарлары. Халық қашанда қаһарман ұлдарын пана тұтқан. «Отан үшін күрес – ерге тиген үлес». Халықтың осы даналығы қайда жүрсек те қашанда жүрек түкпірінде, сана саңылауында сақтаулы жүрсе, қазақ сарбазы азаматтық парызын адал атқарары анық. ҰОС қаһармандарын қадірлеп, құрметтеп рух жасампаздығын жаңартайық!