05 Қыркүйек 2024
Жыл сайын БҰҰ-ның бастамасымен, 5 қыркүйек – Халықаралық қайырымдылық күні болып атап өтіледі. Бұл күні С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханасында «Мүмкіндіктері шектеулі - қабілеттері шексіз» атты әңгіме ісшарасы өткізілді. Аталған ісшараның қонақтары - мүмкіндіктері шектеулі болса да толыққанды өмір сүрумен қатар, керемет жетістіктерге қол жеткізген ерекше жандар. Қатысушылар ерекше қажеттіліктері бар атақты жазушылар мен ақындардың өмірбаяндарымен танысып, шығармашылық жолдарындағы өз тәжірибелерімен бөлісті.