05 Қыркүйек 2024
Қазақстан халқы тілдері күніне орай А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы «Мәңгілік ел - мәңгілік тіл» сөзмерген сайысын өткізді. Оқушылардың қазыналы қазақ тілінің мағыналы мақал-мәтелдерін, көнерген сөздер мен тұрақты сөз тіркестерін жетік меңгергендігін, тілге жүйрік, сөзге шешен екендігін анықтап, нағыз сөз мергендерін тану мақсатында ұйымдастырылған сайысқа қаламыздың үш мектебінен алты оқушы қатысты. Қатысушылардың қай-қайсысы болмасын тереңде тұнып жатқан сөз маржандарын жарқыра біліп, осал емес екендігін көрсетті. Сайысты қорытындылай келе, «Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицейінің оқушысы Еркежан Еркибаева 1-орын, Әл-Фараби атындағы ЖББ мектебінің оқушысы Айару Серғазы 2 орын, «Зияткер» мамандандырылған мектеп-лицейінің оқушысы Зерегуль Кенжеханова 3 орынға ие болды. Абай атындағы №2 мектеп-лицейінің оқушысы Асия Сейдығали жүзден жүйрік шығып, бас жүлдені жеңіп алды.
https://www.instagram.com/p/C_iPTG9IG18/
https://www.facebook.com/cbsbalkhash/videos/1744028046134585