31 Тамыз 2024
Конституция дегеніміз не? Заң не үшін қажет, әр адамның қандай құқықтары бар? Оқырмандар осы және өзге де тақырыптар бойынша А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткен «Ардың шыңы-Ата Заң» құқықтық экскурста білім көкжиектерін кеңейтті. Мемлекет деген не, Қазақстан азаматының қандай құқықтары бар екенін біліп, мемлекеттің негізгі рәміздерін еске түсірді, сонымен қатар мектеп оқушысының құқықтары мен міндеттері туралы әңгімелесті.