С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада Қазақстан Республикасы Конституция күніне орай Балқаш қаласының «Әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ тарих пәнінің мұғалімі Сұңғат Ибрагимұлы Қалкеновтың спикер ретінде және «Балқаш қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ» жастарының қатысуымен «Ата Заң айшықтаған жаңа заман» атты хабарлама-сағат өткізілді. Спикер өз сөзінде өткеннің ең жарқын тарихи құжаты, мемлекетіміздің тәуелсіздігінің іргетасын қалаған құқықтық негіздегі қоғамдық қатынастар мен дәстүрлі ұлттық құндылықтарды айқындаған еліміздің ең негізгі құжаты Конституция туралы әңгімелесіп, Ұлы дала елінің заңдар жинағы – «Жеті жарғы» тақырыбына ерекше тоқталды.
Қонағымыз жүргізуші мен қатысушылардың көкейіндегі сұрақтарына жауап беріп, бейбіт елдің бақытты халқы болу үшін Ата заңымызды ардақтайық - деп қортындылады.
Баршаңызды Республикасының Конституция күнімен құттықтаймыз!