29 Тамыз 2024
Қазақстан Республикасының Конституция күні - өз елін сүйетіндер үшін ерекше күн. Осы мереке қарсаңында, 29 тамызда С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханасы мүмкіндігі шектеулі балалар үшін экскурсия ұйымдастырды. Осы ісшара барысында кітапхана қызметкерлері еліміздің басты Заңы, сонымен қатар оның тарихы мен әрбір қазақстандық үшін маңызы туралы айтып берді. Сондай-ақ, қатысушылар Отан туралы викторина сұрақтарына жауап беру арқылы өз білімдерін тексеруге мүмкіндік алды және әртүрлі сайыстарға қатысты. Бұл ісшара кітапхананың жайлы атмосферасында өтті, онда барлығы бір-бірімен тілдесіп, өздеріне шаттық пен қуаныш сыйлап қана қоймай, өз мемлекеті туралы көп ақпарат алды.