12 Маусым 2024
Кітапхана жазғы демалыс уақытында бүлдіршіндер кітап оқитын орталық қана емес, сонымен қатар шығармашыл топтардың демалыс және басқосу орны. Жаз - ең әдемі уақыттың бірі, барлық жерде балалардың қуанышты үндері естіледі. Жазғы демалысты ұйымдастыру мақсатында С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхана мектеп жанынан құрылған лагер балаларына өз есігін ашты. Ең жас қонақтарға кітапхана залдары таныстырылып, баланың шығармашылық қабілетін, ақыл-ойын айқындайтын қызықты ойындар мен викториналар жүргізілді. Кітапхана балаларға өмірде сенімді дос, мейірімді жолдас табуға үлкен септігін тигізеді.