14 Сәуір 2024
Ғылым, пайдалы қазбалар құпиясын ашқан әйгілі геолог Қаныш Сатбаевтың 125 жылдық мерейтойына орай, №1 кітапхана-филиалында «Қаныш ағамның зерттеулері» атты танымдық ойын алаңы ұйымдастырылды. Іс-шара қонақтары қаламыздағы: Қазақмыс Корпорациясының Политехникалық @ptk.balkhash колледжінің ТЭ-23-09 тобының студенттері. Кездесу барысында, Академик Қаныш Сәтбаевтың сара жолы жайында арнайы бейне таспа көрсетілді, қатысушылар викториналық сұрақтарға жауап бере отырып, әйгілі ғалым жайлы өз білетіндерімен бөлісті.
«Ұлт мақтанышы» атты кітап көрмесі таныстырылып, 50 жылдан астам уақытын сарп етіп, біртуар ғалымның жарқын бейнесін оқырманға танытқан жазушы Медеу Сәрсекенің «Қазатың Қанышы» роман - эссе кітабына шолу жасалды. Қаныш Сәтбаев - ұлт тарихында ұлы тұлғалардың бірі ғана емес, есімі әлемге аян ірі қайраткер. Ағамыздың адамдық болмысы мен елеулі еңбектерін жастарымызға насихаттай отырып елі мен жерін сүйіуге шақырамыз.
Қазақтың тамырында тек болмаса,
Құдай бізге Қанышты берер ме еді.
Кесек алтын секілді кеннен шыққан,
Кең дүниеге Сәтбаев келер ме еді!
М.Тазабеков